lirik.web.id
a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 #

lirik lagu merey – ustama

Loading...

[«ustama» әнінің сөзі]

[хор]
ұстама мені
жаздың сипаған самал желі болмасаң
ұстама мені

ұстама мені
таңғы жаңбырдың салқын лебі болмасаң
ұстама мені

[õлен 1]
өрт боп жанған артық маған өле ~ өлгенше
біреудің қолының ізін денемде көргенше
сен қателестің, мен зат емеспін
иә көшедегі жансыз дүние

мен адаммын
мен санамын
шешемнің қызымын кенже

[хор]
ұстама мені
жаздың сипаған самал желі болмасаң
ұстама мені
ұстама мені
таңғы жаңбырдың салқын лебі болмасаң
ұстама мені

ұстама мені
болмасаң күн шуағы от боп жанған, күл боп сөнген
ұстама мені
себебі бұл менің денем, менің денем, менің денем

[õлен 2]
мен өзенге айналамын
жылдамына еш үлгертпес
жұлдызға айналамын
биігіне еш жеткізбес

мен боламын саванна, көлеңке, елес
көзіңмен тамсан, қолыңмен емес
көзіңмен тамсан, қолыңмен емес

[хор]
ұстама мені
жаздың сипаған самал желі болмасаң
ұстама мені

ұстама мені
таңғы жаңбырдың салқын лебі болмасаң
ұстама мені
ұстама мені
болмасаң күн шуағы от боп жанған, күл боп сөнген
ұстама мені
себебі бұл менің денем, менің денем, менің денем


Lirik lagu lainnya:

LIRIK YANG LAGI HITS MINGGU INI

Loading...