lirik.web.id
a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 #

lirik lagu ​jeltoksan. – mj prologue

Loading...

[intro]
ұтқан барда ұтылған бар
ұстатпайды қу армандар
жібермейтін тамырлар бар менде
жазық даламнан тауып бір төбені
бір гүлің боп мен де егілемін

[verse 1]
келгенде уақыты болады бәрі де
бірақ керегі не
ертең уже кеш, кеше ерте еді деп күрсінесің
бәріне де таныс сезімдер
несіне түсіндіресің
сүрініп құлайсың сілкінесің де жүресің
ал, мен бұл қозғалыста
байқамас ем күн атса да батыстан
биікті көздесең уақыт жоқ жатысқа
мен, талайын көргем жарысқан
бірақ мен басқа бәйгедемін
сенің жетпей қалад демің
бір келіп бір кететін қуып мансап пен теңгені
жоғалттым сәулесін шын маңызды нәрселердің
енді өзімммен күресем
ақ құдаймен тілдесем
ашып бер соқыр кеудемді деп
ашылсынн кейін маған әлем
мені біреулер қияли дейд
бұл әндер фоллоуер реклама конверсиядан өтпейд дейд
дым түсінбейд олар
мініп алар толқын күткенде
неге күткен толқының сен емес мен
[bridge]
ақша~ақша мәрмәрмен қаптап жарларды үйдегі
осы жаз кемінде 100 лям керегі
көргенде жымияд суық жүздері
дым өзгермейді

[chorus]
жағалауларда адамдар үй тұрғызад
ашады ғашықтар құшағын
шырқайды әндерін өсіреді бала~шағаны
шығарып салады ар жаққа сүйгендерін
осында қалсын сүйектерім
ұтқан бар да ұтылған бар
ұстатпайды қу армандар
жібермейтін тамырлар бар менде
жазық даламнан тауып бір төбені
бір гүлің боп мен де егілемін

[verse 2]
мен айтсам айтам айтарымды кім тоқтатады?
батыс осында демек болады шу мен шатақ
егер ұнамаса, бұрыл да тай бауыр
бұрыл да тай бауыр, бұрыл да тай
мен алдыма қараймын, тірі жан жоқ
мен артыма қараймын, жиылған бір топ
мен бәріне де дайынмын, бәрі де біледі
(иә, иә) олар сондықтан менімен (иә)
[outro]
басқа еш нәрсе маңызды емес
басқа еш нәрсе маңызды емес
кімнің не белесі
кім жарады келесі
бітпейтін теке тірестер
бірлікті көздесең жалғыз кетесің
уақыт жоқ бос ерегеске
дұрыс жауапсыз тестте
өмір деген фестте
тек бар менің жолым
тек істе істе
тағы да істе
мүмкін қалар іздер сосын
жасырын сөздер осы
жасырып не істеймін досым
жасырып не істеймін досым

[chorus]
жағалауларда адамдар үй тұрғызад
ашады ғашықтар құшағын
шырқайды әндерін өсіреді бала~шағаны
шығарып салады ар жаққа сүйгендерін
үзілмейді ойын~сауық


Lirik lagu lainnya:

LIRIK YANG LAGI HITS MINGGU INI

Loading...