lirik lagu zaq - oyau
[«oyau» әнінің тексті]
[интро]
е
[шумақ 1]
қайырлы таң, нео! дәу~дәу арманың қайсы?
дым өзгермейді бұл жерде, матрица — мәңгі сайыс
қоғам — ауру, тіле сауығу
«кедейлік dna~мен берілсе не үшін бала туып» дейді
бұл жай жүйе, қумай, жи ес
оларды ие қылма шынайы өзіңе
келіспе, келіспе, келіспе
келіспе, келіспе, келіспе, беріспе!
менің жаным босады, бұзылды ойымда құраған аңыз
басылды ашуым, ашылды санам, қалды тек алғыс
өзіме келу үшін өзімнен қаштым – қалдым жалғыз
кірдің бәрін жинап, секілді партаның астында ұмытылған сағыз
е~е, бұл қараңғыдан жанымды шығардым қаламым арқылы
бәлкім сол үшін бұл нәрсе аталад шығармашылық деп
өз тұлғамның көлеңкесіне айналдым ақырын
ішкі лабиринтіммен жүріп миллиондаған шақырым тек
[қайырма]
болу үшін ояу, болу үшін ояу, болу үшін…
ояу, ояу, ояу
болу үшін ояу, болу үшін ояу, болу үшін…
ояу, ояу, ояу
[шумақ 2]
бәрі өзгерді, қойылды орнына құндылық
өмірдің мәніне кілтіңді тапқанда алдыңнан шығады тағы мың құлып
өтірік жылтырақ миымды шұқылап, санамды сандар құл қылып
ойымда сандырақ пен былық
сандырақ пен былық
бәріне сенген жүрегім тілінген
сенімді болуға ертеңге керегі тек қана теңге
недеген сіккен әңгіме, соны итереді бәріңе
жараң айналады деп дәріңе, өлмесең өмірдің мәні не?
сені бай болуға үйретеді бірдеңе оқып алғандар
ең қызығы тиын келеді саған поху болғанда
бәрі өзгереді, кетеді жоқ боп жалғандар
үйіңде жаңа бір жүрек соқылдағанда
сен…
[қайырма]
болу үшін ояу, болу үшін ояу, болу үшін…
ояу, ояу, ояу
болу үшін ояу, болу үшін ояу, болу үшін…
ояу, ояу, ояу
Lirik lagu lainnya:
- lirik lagu c4r50nn - empty inside (part 2)
- lirik lagu newsboys - eyes on heaven
- lirik lagu cat boy jeepney drivers - maybe mitski
- lirik lagu bonnie x clyde - tension
- lirik lagu trendy island pink - dreams come to me (dicks come to me)
- lirik lagu kim hee jae (김희재) - 나의 옛날이야기 (my old story)
- lirik lagu du sam - eu tinha tudo mas não tinha nada
- lirik lagu inzanemane - der feind in meinem körper
- lirik lagu saltmer (feat. кеший) - mers 2
- lirik lagu black ego - noose.wav